Breadcrumb

  1. Біздің көру қабілетіміз
  2. «Santen» туралы

«Santen» туралы

«Santen Pharmaceutica» - бір ғасырдан астам уақыт бұрын Жапонияда құрылған және қазір бүкіл әлем бойынша пациенттерге қызмет көрсететін әлемдегі жетекші офтальмологиялық фармацевтикалық компаниялардың бірі. Біз Жапонияда офтальмология нарығының көшбасшысы болып табыламыз. Біз еуропалық нарықта 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеміз және ЕТША өңірінде (Еуропа, Таяу Шығыс, Африка) және бүкіл әлемде сенімді өсуді көрсетіп келеміз. Біз пациенттердің көзінің саулығы мен көру қабілетін жақсартуға, сондай-ақ пациенттер мен денсаулық сақтау жүйелері үшін емдеуді қолжетімді етуге үлкен ынта-жігерімізді қосып атсалысамыз. Біздің назарымыз тек офтальмологияға ғана бағытталғандықтан, біздің осы мамандандырылған салада терең біліміміз мен тәжірибеміз бар, біз жағдайды тез бағалай аламыз, дер кезінде реакция жасап,шұғыл түрде әрекет ете аламыз.

Біздің көру қабілетіне деген жоғары назарымыздың арқасында біз күшті және тиімді коммерциялық ұйымды қолдай отырып, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартудың үлкен және ерекше мүмкіндігіне ие бола аламыз. Халық қартайған сайын глаукома және көздің ішкі тор қабығының зақымдануы сияқты ауруларға шалдыққан пациенттер саны күннен күнге артуда. Офтальмологиялық фармацевтикалық дәрі-дәрмектер нарығы технологияның дамуы нәтижесінде емдеудің және диагностиканың жаңа әдістері пайда болған сайын қарқынды дамып келеді. Офтальмологияда пациенттердің айтарлықтай қанағаттандырылмаған қажеттіліктері бар.

Рецепт бойынша жіберілетін офтальмикалық фармацевтикалық дәрі-дәрмектер - бұл біздің негізгі бизнесіміз, ол бүкіл әлем бойынша таза сатылымның 80% - дан астамын құрайды. Сондай-ақ, біз көзді емдеуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғыларды, сондай-ақ көз денсаулығына арналған тағамдарды ұсынамыз. ЕТША өңірінде біз глаукоманы және көздің құрғақтығын емдеу саласында - біздің портфель аурулардың барлық кезеңдері мен түрлерін қамтитын салаларда көшбасшы болып табыламыз. Сондай-ақ, біз көз инфекциясын, аллергияны емдеуге арналған құралдар мен көру қабілетін түзетуге және глаукома хирургиясына арналған  өнімдердің ассортиментін кеңейтеміз.